UFC. Арман Оспанов жекпе-жекке қашан шығады?
UFC. Арман Оспанов жекпе-жекке қашан шығады?
Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық файтер Арман Оспанов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап
Қазақтың "Сұңқары" әлемдік промоушенде 2021 жылдың басында өнер көрсете бастайды.
Мұның алдында Арман UFC-дегі дебютін желтоқсанда өткізе алатынын хабарланған еді. Алайда жекпе-жек екі айға шегерілді. "Арман Оспановқа қатысты мәлімет. Ол UFC-дегі дебютін 2021 жылдың қаңтар-ақпанында өткізеді", - деп жазыпты Instagram желісінде ресейлік журналист-инсайдер Игорь Лазорин.Еске салайық, кейінгі рет Оспанов АСА 105 турнирінде жекпе-жекке шығып, ресейлік "Қара жолбарыс" лақап атты Расул Мирзаевты нокаутқа түсірген.