"Батырхан үйреткен": Валерий Меладзе Ержан Максиммен қазақша сөйлесті

03 Мамыр, 2019 1427 0

NewsROOM+. Валерий Меладзе «Голос. Дети» байқауында Ержан Максиммен қазақша сөйлескен, деп хабарлайды Stan.kz, «Talklike» бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұл жайлы Ержанның анасы айтып берді. Бастапқыда Меладзенің өзі Ержан тек қазақша сөйлегендіктен, жұмыс істеу қиын болатынын жеткізген. Алайда, Ержанның тәлімгері Батырхан Шүкеновтен үйренген қазақшасымен-ақ дарынды жас әншімен тілдесе алған көрінеді.

«Жеке дайындық кезінде бізден «Қайырлы күн» деген «Добрый день» мағынасындағы сөз ғой деп сұрағанда, қайдан білесіз деп таңғалыстық. Ол бұл сұрағымызға «Батырхан үйреткен» деп жауап берген болатын», - дейді Гүлмира Әлібек.

Байқау барысында да Ержанның дауысына тәнті болған Валерий «Кел, жаныма отыр, айналайын» деп жұртты қазақша сөйлеп таңдандырған болатын. 

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов пен Валерий және Максим Меладзелер жақын дос болған.


Тегтер: ВалерийМеладзе, голос, батырханшукенов, ержанмаксим

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.