Алматы метросының басшысы қанша жалақы алады?
Алматы метросының басшысы қанша жалақы алады?

"Жалақым аз емес деп ойлаймын. Қазір менің айлық жалақым - 495 мың теңге. 2014-2016 жылдары метро басқарған кезде 385 мың теңге алдым... Біз шахтада жұмыс істемейміз ғой. Жалпы, метрополитен қызметкерлері орташа есеппен 150 мың теңге алады, бізде жалақы қорын мәслихат бекітеді", - деп түсіндірді ол.Сондай-ақ, Оразханов екі жаңа станцияның құрылысы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ол станцияларды жыл соңына қарай Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына орай іске қосу жоспарланып отыр.