Елбасының астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойы қандай?
Елбасының астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойы қандай?

«Ол әңгіменің негізі жоқ. Ой айтудың да жөні бар. Әсіресе сол жақта тұратын, Түркістанның жағдайын білетін адамдар солай ойлайтын шығар. Әрине, Түркістанның тарихы терең. Бұл жерге Қожа Ахмет Ясауи келіп, мұсылмандықты уағыздап кеткен. Түркі тектес халықтар мұсылмандыққа ден қойды. Сондықтан олардың бәрі сыйлайды, жақсы көреді. Әсіресе, Түркиядан келіп көргісі келетіндер көп», - деді Елбасы.Сонымен қатар Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласының дамуына жұмыс жасайтынын айтып өтті.
«Бірақ біз астанамызда ары қарай ұлғайтамыз. 200 мыңдай адам тұрған бұрынғы Ақмола қазір 1 миллион 200 мың тұрғыны бар шаһарға айналды. Нұр-Сұлтан деген атау берілді. Оны мен ұсынбадым. Бірақ қарсы да болмадым. Себебі астананың әрбір тасы, әрбір ғимараты менің нұсқауыммен салынды. Сондықтан біз қаламызды одан әрі дамытамыз», - деді ол.
Түркістан облысының пайда болуы
2018 жылдың 19 маусымында Түркістан қаласы Түркістан облысының орталығы болып бекітілді. Сол уақыттан бастап Түркістан облысы пайда болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» заңға қол қойған болатын. «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:- Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылсын.
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілсін.
- Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп қайта аталсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- Орталық мемлекеттік органдар және Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жергілікті мемлекеттік органдары тиісті жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
- Түркістан облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелері Түркістан қаласына көшкенге дейін Шымкент қаласында орналасады деп белгіленсін.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген қаулыда.
«Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі жарық көрді
Кеше, 1 желтоқсан күні «Qazaqstan» ұлттық арнасында «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі көрсетілді. Бұл ақпарат туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімет таратқан еді. Деректі фильмде Елбасы облыс орталығын Түркістанға көшіру жөніндегі тарихи шешімнің түпкі мән-мазмұнын ашып, қаланың туристік әлеуеті мен халықаралық беделі, келешек жоспары туралы айтты.Ақмарал БЕРЕКЕТ