Қазақстандық астролог желтоқсан айына болжам жасады

Қазақстандық астролог желтоқсан айына болжам жасады

Оның сөзінше, осы жолғы тұтылудың тағы бір ерекшелігі – астрономиялық құбылыстың Альдебаран және Антарес жұлдыздарының маңында өтуі. "Бұлардың энергиясы бүлікке, тұрақсыздыққа, зорлық-зомбылыққа итермелейді. Бұған қоса, ессіздік, қызбалық пен қыңырлық әкеледі. Құқыққорғау немесе сот органдарымен мәселе туындайды. Өрт, дау-жанжал, күш көрсету жиілейді", - деп ескертті астролог. Маман бұл кезеңде су тасқыны, цунами, вулкан, жер сілкінісімен байланысты табиғи апаттар болуы мүмкін екенін болжады. Одан бөлек, Әбдірайымова көп адамның өмірлік құндылықтары өзгеріп, жан-дүниесінде күрделі трансформация жүретінін айтты. "Әр адам жүрегінің түкпіріне үңіліп, өзінің шын мәнінде не қалайтынын – қайда, кіммен және қалай өмір сүргісі келетінін шешеді. Астрономиялық құбылыстардың энергиясы біздің жаңа тәжірибеге, қоғам таңып берген ақпараттық ағынға ілеспей, өз таңдауымызды жасауға, өздігінен шешім қабылдауға қаншалықты дайын екенімізді көрсетеді", - дейді ол.