ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы тағайындалды

03 Мамыр, 2019 1012 0

NewsROOM+. Бақыт Батыршаев 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 

1995 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс атқаруда.

1996-1997 – ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің атташесі. 

1997-2001 – Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің атташесі.

2001-2002 – ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы.

2002-2002 – ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка Департаментінің екінші хатшысы.

2002-2005 – Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 

2005-2009 – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары, директоры.

2009-2010 – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2010-2013 – Джида қаласында орналасқан Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымындағы Тұрақты өкілі (кеңесші-уәкіл).

2013-2019 – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі, Қазақстанның ИЫҰ жанындағы Тұрақты Өкілі.

2014-2019 – Қазақстанның Бахрейндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019 жылғы 29 сәуірден бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.

Үйленген, 4 баласы бар.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.