Мұқтаж отбасыларға ақша жинаған алаяқ ұсталды
Мұқтаж отбасыларға ақша жинаған алаяқ ұсталды

«Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді шешкен ол бойжеткеннің банктік картасына 20 500 теңге ақша аударған. Зардап шегушінің айтуынша, біраз уақыт өткеннен кейін оның әрекетінен күдіктене бастаған. Көмек көрсету үшін мұқтаж отбасылармен кездестіру өтінішіне түрлі сылтау айтып, кейіннен байланысқа мүлдем шықпай қойған. Өзін алдап кеткенін түсінген зардап шегуші полицияға жүгінген», - делінген таратылған ақпаратта.Ұсталған күдікті алаяқтық жасағанын мойындап отыр. Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша 10 эпизодпен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Келтірілген жалпы шығын – 400 мың теңге. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті аталған қыздың алаяқтық әрекетінен зардап шекен азаматтарды Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайына келуге немесе 8 (7172) 41-63-35, 71-67-08 телефон нөмірлеріне хабарласуға өтініш жасап отыр.