Нұр-Сұлтандағы өрт: жүкті әйелдер мен балалар жоғарғы қабаттан секірген

02 Мамыр, 2019 639 0

NewsROOM+. Бүгін күндізгі сағат 11.20 шамасында Ұлттық ұланның №6636 әскери бөлімінің жанында №4 жатақханадан өрт шықты. Түтінді байқаған бір топ сарбаз взвод капитаны Шыңғыс Қайыржановтың басшылығымен 15 адамды құтқаруға аттанған. Сарбаздардың арқасында тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылып, кейбіріне медициналық алғашқы көмек көрсетілді.

«Бәрі аяқ астынан болды. Жанымыздағы жатақхананың екінші қабатынан қою түтін көтерілгенін көріп, бірден көмекке жүгірдік. Біз барғанда жатақхананың ішін түгелдей түтін алып кеткен екен. Біреуі көмек сұрап айқайласа, енді бірі терезеден секіріп жатты. Қарауыл бастығы Нұрғазы Ержанов екеуіміз өрт тұтқынындағы тұрғындарға керіп ұстайтын материал тастауға кеңес бердік. Бізбен бірге өзге жауынгерлер де қолға түскен көрпелерді керіп ұстап, жоғарыдан секірген тұрғындардың астына тосты. Осы тәсілмен үш баланы және бір жүкті әйелді құтқардық. Жүкті әйел тіпті 4-қабаттан секірген болатын» - дейді капитан Шыңғыс Қайырбеков.

Ұлттық ұлан сарбаздары өрт сөндіру жасағы келгенше қою түтінге қарамастан, ғимарат ішінде қалған басқа тұрғындарды сыртқа шығарған.

«Санап тұратын уақыт болған жоқ. Жалпысы 15 адамды құқарған шығармыз. Бәріне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, иіс тигендерін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық», - дейді Шыңғыс Қайырбеков.
Дереккөз: hola news

Тегтер: нұр-сұлтан, өрт, жатақхана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.