Жаңалықтар

Димаш Құдайберген спорттағы шеберлігімен таңғалдырды

Әнші Димаш Құдайберген спорттағы шеберлігін көрсетті. Instagram желісіндегі парақшасында ол оқшаулану кезіндегі видео жариялады, ол допты жерге түсірмей жүз рет тепкен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "100 рет істедім. Бала кезімде күн сайын футбол ойнайтыным есімде. Қалпымды жоғалтып алғаным байқалады, бірақ жаттығу жасауға уақыт табылды", - деп жазды Димаш. Әншінің тыңдармандары Димаштың шеберлігіне таңғалғанын жасырмады: "Барлық жағынан таланттысың", "Жігітке жеті өнер де аз", "Сен барлық салада виртуозсыз" деген пікірлер жазған.