Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте жоғалып, Тараздан табылды

Шымкентте жоғалып, Тараздан табылды

Шымкентте жоғалып, Тараздан табылды
ашық дереккөзі
Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жоғалған қызды Тараздан тапты, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.  width= Осы жылдың 26 қарашасында "102" нөміріне әйел хабарласып, 12 жастағы қызының жоғалғанын айтып, полициядан көмек сұраған. Шымкент қаласы полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері оқушыны шұғыл іздеуге кіріскен.
"Жоғалған қыз көпбалалы отбасында тәрбиеленген. 26 қарашада 12 жастағы қыз қаладағы "Алаш" базарына барып, үйіне оралмаған. Іздестіру барысында тәртіп сақшылары қызды Тараз қаласынан тапқан. Ол Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде болған", - делінген хабарламада.
Абай ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Орынбек Өмірзақ қызды Шымкент қаласына жеткізген. Қазіргі таңда психолог жасөспіріммен жұмыс жүргізіп жатыр. Оқушының анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтып, оларға ризашылығын білдірді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату