БЖЗҚ зейнетақы қоры салымшылары туралы ақпарат берді
БЖЗҚ зейнетақы қоры салымшылары туралы ақпарат берді
Зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 22 806 теңгені, ал ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңгені құрады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады.
2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленді.
Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.