19 қате жіберген кандидат ОСК шешімін апелляцияға бере алады

02 Мамыр, 2019 564 0

NewsROOM+. «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен президенттікке үміткер болып ұсынылған Жұматай Әлиев Орталық сайлау комиссиясының шешімін апелляцияға беруге құқылы. Бұл жайында бүгін ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен хабарлады.

«Қазіргі уақытта мен оның (президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Жұматай Әлиев - ред.) лингвистикалық комиссия шешімімен келісетіндігін не келіспейтіндігін айта алмаймын. Ол жайында өзі айта жатар. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясының кез келген шешіміне қарсы шағым жасауға болады. 10 күннің ішінде сотқа шағым беруге ол кісінің де құқығы бар. Лингвистикалық комиссия кандидатқа үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгерген немесе меңгермеген деп қана баға бере алады», - деді Ләззат Сүлеймен.

Айта кетcек, бүгін «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынған Жұматай Әлиев мемлекеттік тілден емтихан тапсырып, лингвистикалық комиссия оның мемлекеттік тілді еркін меңгермегендігін хабарлады.

Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Жұматай Әлиевті кандидат ретінде тіркеуден бас тартты.

Тегтер: ЖұматайӘлиев, президент, кандидант, қазақтілі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.