Қайрат Нұртастың продюсері өнер иесімен дуэт жазу қанша екенін айтты

02 Мамыр, 2019 586 0

NewsROOM+. Қайрат Нұртастың продюсері Гүлзира Айдарбекова өнер иесімен дуэт жазу үшін қанша қаржы қажет ететіндерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі НТК арнасына сілтеме жасап.

Жұлдыздың жетістігіне қызығатын қыз-жігіттер жетерлік. Олар ауқымды аудитория жинап, әйгілі әншіге айналу үшін хитменмен дуэт жазуға құмар. Тіпті ауқатты отбасынан шыққан жандар қомақты қаржысын да төлеуге даяр екен. Қайратпен қосыла ән шырқаудың құнын продюсері Гүлзира Айдарбекова айтып берді. «Өте қымбат. 50 мың доллардан бастап, 80 мың долларға дейін ала аламыз. Бірақ, біз оған келісім бермедік. Өйткені Қайраттың абыройы жоғалады. «Дауысы жоқ екен. Қараттың көзі соқыр ма? Жоқ ақшаға қызығып кетті ме?» деген сияқты әңгімелер кетеді. Сондықтан осы уақытқа дейін қасықтап жинаған абыройымызды шелекпен шаша алмаймыз», - дейді продюсер.

Алайда өнер иесі үшін қаржы бірінші орында емес. Продюсері де бұл сөзін жоққа шығармады. Нағыз талантты таныту кезінде ешқандай қаражатқа мән бермейтін көрінеді. Дуэт жазудағы хитменнің басты талабы әуен жүректі жауласа болғаны. «Ән ұнаса қай-қайсысымен болса да айтуға дайынмын. Әр қазақ менің жалғызым демекші, ол менің адамға деген жасаған жақсылығым болар мүмкін», - дейді Қайрат Нұртас.

Тегтер: ҚайратНұртас, дуэт, ән, ақша

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.