Новицкий: Мұстафа Шоқай туралы менің білетінім осы

Новицкий: Мұстафа Шоқай туралы менің білетінім осы

ашық дереккөзі

 width= Мұстафа Шоқайдың ерлігі мен саяси өмірі туралы қазір жан-жақты зерттеу әрі зерделеу жүріп жатыр. Соның нәтижесінде 2007 жылы «Қайнар» баспасынан үш томдық еңбегі жарық көрген болатын. Аталған еңбектің үшінші томында Мұстафа Шоқайдың әулеті туралы және олардың қуғынға ұшырауы жайында дерек бар. Сол деректерді оқи отырып, сіздерге М.Шоқай туралы Шымкент қаласында тұратын Новицкий есімді белгісіз бір азаматтың Біріккен Саяси Бас Басқармасына жазған естелігін ұсынып отырмыз. Біріккен Саяси Бас Басқармасына: «Қоқанд автономиясы» жариялаудан. 2-3 күн бұрын «Регина» қонақ үйінің коридорында Мұстафа Шоқайды кездестірдім. Ол мені «айтатын бір әңгіме бар» деп, өз бөлмесіне шақырды. Ұмытпасам, екеуіміздің арамызда мынандай әңгіме болды. - Юлька, сені шақырған себебім, жуырда жоспарланып отырған Түркістан өлкесінің Ресейден бөлінуіне байланысты салтанатты жиналысы болып өтпек, соның жұмысына қатыссаң,- деді Шоқай.  - Мен мұны қуаттаймын, бірақ бұл қалай болдаы? - деп одан сұрадым. - Коммунистік партияның программасы бойынша әрбір ұлттық еркіндік алуға құқысы бар, біз сол еркіндікті білдіреміз. - Мен мұндай пікір айтайын. бұл салыстырмалы айтылған сөз. Мәселен, Мәскеу (немесе ол кезде Петроград) мұны халықтың жетілуіне лайықты айтқан. Менің жеке пікірімше, Үкімет бұған қарсы болады. Себебі Түркістан өлкесі – ұшы-қиырсыз елі, -деп оған түсіндірген болдым. - Неге? – деп сұрады Шоқай. - Үкімет болған соң, оның сырынан әрекет жасау артық. Мұндай мәселені Бүкілресейлік билікте шешу керек, - деп едім, Мұстафа Шоқай: - Онда біз екеуіміздің жолымыз қақ айырылады, - деді. Осымен әңгімеміз аяқталды. Келесі күні қонақ үйінің вестибюлінде М.Шоқаймен кайта кездестім. Ол: «Автономистер» сені күтуде. Бізге қазір қосылмасаң, кеш қаласың», - деді. Мен: «Сендермен бірге жұмыс істеуге ашқандай қарсылығым жоқ, бірақ сендердің пікірлеріңіздің құлы бола алмаймын. Егер сендерге автономия қажет болса, оны еске Ташкент қаласында жүзеге асырыңдар, ал орыс қаласында ұйымдастыратын болсаңыздар, жазықсыз құрбандар болуы мүмкін», - деп жауап бердім. Сөйтіп, екеуіміз қоштастық. Содан бері онымен кездескенім жоқ. Автономия жарияланған күні қол қойылмаған қысқа хат алдым. Онда мені белгісіз біреу Шейх-аль Тауыр мешітіне шақырыпты. Соған байланысты мен жеңіл автомашинамен Ташкент қаласына жүріп кеттім, бірақ жолай орыс қаласына бара жатқан бір топ адамдарды кездестірдім. Олардың көбісі молдалар және тағы басқа діндар адамдар екен. Көздерін жұмыс алып: «Аллаһ акбар. Аллаһ акбар» деп дауыстап келе жатты. Осыны көріп мен айдаушыма автокөлікті кейін бұрып, «Регина» қонақ үйіне қарай жүруді өтіндім. Меніңше, бұл топ түрмеде отырған Коровченко, Дорера және басқаларды босатуға арандатқан болуы керек. Мұстафа Шоқай туралы менің білетінім осы».

Новицкий.

Жүктелуде...