«Әміре» фильмі АҚШ-та өткен халықаралық фестивальде бірден екі жүлдені жеңіп алды

01 Мамыр, 2019 689 0

NewsROOM+. Әміре» фильмі АҚШ-та өткен халықаралық фестивальде екі бірдей жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы кинодағы басты рөлді ойнаған актер Санжар Мәди Instagram парақшасында хабарлады.

«Достар! Кеше біздің «Әміре» (Paris song) кинокартинамыз АҚШ-тың Вирджиния штатында өткен халықаралық фестивальде (Richmond International Film Festival) бірден екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Ол «Үздік баяндаушы фильм» және «Үздік актер» аталымдарында жеңіске жетті», - деп жазды Instagram парақшасында осы фильмде басты рөлді сомдаған актер Санжар Мәдиев.

Мұның алдында «Әміре» 2018 жылғы 23-28 қазан аралығында Лос-Анжелесте өткен Hollywood Film Festival халықаралық фестивалінде топ жарып, Silver Screen Award жүлдесін иеленген болатын.

Атақты қазақ теноры Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін кинолентаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы және «Darplay» компаниясы бірлесіп түсірген.

Картинаның бас продюсері - Әлидар Өтемұратов, режиссері - Джефф Веспа (АҚШ), оператор - Максим Осадчий (Ресей), сценарист - Бенжамин А. ванн дер Вин (США), кеңесші - өнертанушы Жарқын Шәкәрім.

Актерлік құрам: Эбби Корниш - Ли Эббот, Санжар Мәдиев - Әміре,Еркебұлан Дайыров - Мұстафа Шоқай, Бен Олдридж - Джордж Гершвин.

Тегтер: СанжарМәди, кино, Әміре

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.