Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын нокаутпен ұтты
NewsRoom
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын нокаутпен ұтты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жеңіске жетті деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Лондон олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусінов Джулиус Индонгоны жеңіп IBF Intercontinental белбеуіне ие болды. Бұл Даниярдың оныншы жекпе-жегі әрі оныншы жеңісі. Екінші раундта техникалық нокаутқа ұшыраған намибиялық карьерасындағы үшінші жеңілісіне тап болды.
«DAZN» ұйымдастырған бокс кеші Американың Голливуд қаласында өткен болатын.