Нұр-Сұлтанда жаңа елшілік ашылды

30 Сәуір, 2019 567 0

NewsROOM+. Бүгін елордада Хорватия елшілігінің ресми ашылуы болды. ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Хорватия премьер-министрінің орынбасары - сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Бурич өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы hola news сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

«Бүгін біз өте табысты келіссөз өткіздік. Пейчинович-Бучич xаным өзінің сапарын Нұр-Сұлтандағы Хорватия елшілігінің ресми ашылуымен ұштастырды. Бұл - шет мемлекеттің Қазақстандағы 70-ші өкілдігі болды. Біз оны Хорватияның Қазақстанға деген үлкен құрметінің айрықша көрінісі, ерекше қатынас пен достықтың белгісі деп білеміз. Хорватия оңтүстік-шығыс Еуропадағы маңызды әріптесіміз саналады. Біз екі жақты қарым-қатынасты одан ары күшейтуге мүдделіміз», - деді Б.Атамқұлов.

Атамқұловтың айтуынша, үш жылдың ішінде екі елдің сауда-саттығы 8 есе өсіп, 350 миллион АҚШ долларын құрады. Екі ел мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс, инновациялар, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және туризм бойынша бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Қазірде елімізде Қазақстанда 20-дан астам xорват компаниясы жұмыс жасайды. Ірі жобалардың ішінде Нұр-Сұлтандағы «Загреб» тұрғын үй кешені бар.

 «Ал экономикалық ынтымақтастық туралы келісім үкіметаралық комиссияның жұмысына негіз болып отыр. Аталған құрылым екіжақты байланыстың қосымша институционалдық базасын береді. Біз ол байланысты барлық салалар бойынша күшейтуге мүдделіміз. Соның арқасында Қазақстан азаматтары визаны жылдам алып, Хорватияға сапар жасай алады», - деді Мария Пейчинович. 

Тегтер: нұр-сұлтан, елші, хорватия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.