1400 жолаушысы бар 7 пойыз тұрып қалған: Шымкентте қозғалыс қалпына келтірілді

1400 жолаушысы бар 7 пойыз тұрып қалған: Шымкентте қозғалыс қалпына келтірілді

ашық дереккөзі

 width= Шымкент қаласында вагондардың аударылуынан 7 жолаушы пойызы 9 сағатқа дейін жолда тұрып қалған. Оларда 1400-ге жуық адам болған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды. Қазанның 23-інен 24-іне қараған түні Шымкентте 14 вагон жолдан шығып, аударылып кеткен болатын. Салдарынан 7 жолаушылар пойызының қозғалысы кешіктірілді, атап айтқанда: 1. Шымкент станциясында №34 «Ақтөбе – Алматы» жолаушылар пойызы 9 сағатқа, №76 «Қызылорда-Петропавл» пойызы 7 сағатқа кешікті. 2. Қорғасын станциясында № 56 «Қызылорда-Көкшетау» жолаушылар пойызы 5 сағатқа кешікті. 3. Қызылсай станциясында №23 «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар пойызы 8 сағатқа кешікті. 4. Манкент-2 станциясында №11 «Алматы – Шымкент» жолаушылар пойызы 5 сағатқа, №85 «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш» пойызы 1,5 сағатқа кешікті. 5. Састөбе станциясында № 33 «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар пойызы 1 сағатқа кешікті. «Қозғалысы кешіктірілген пойыздарда 1 393 жолаушы болған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Шымкент қаласына жолаушыларды тасымалдау үшін 5 шағын автобус пен 2 автобус ұйымдастырды», - деді Т.Уәли. Мәлім етілгендей, бүгін сағат 12.49-да аталмыш пойыздар қозғалысын қайта жалғастырды.

Жүктелуде...