43 жыл бала көтере алмаған әйел 68 жасында егіз баланы өмірге әкелді
43 жыл бала көтере алмаған әйел 68 жасында егіз баланы өмірге әкелді
68 жастағы әйел егіз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Маргарет пен Но Аденуга ұл мен қыздың ата-анасы атанды. Маргарет төрт рет қолдан ұрықтандыру қызметіне жүгінді. Соңғы әрекет сәтті болды. Әйел жүктіліктің 37-аптасында кесарь отасы арқылы нәрестелерді өмірге әкелді. Лагос мемлекеттік университетінің ауруханасының меңгерушісі, профессор Васиу Адейемо, анасы мен жаңа туылған нәрестелердің денсаулығы жақсы екенін және өздерін жақсы сезініп жатқанын айтты.