Концерттен әнін алып тастаған Жігердің өкпесіне "Меломен" тобы жауап берді

30 Сәуір, 2019 795 0

NewsROOM+. Жігер Ауыпбаев күні кеше "Меломен" тобының он жылдық кешінде ән айтып, оны топ жігіттерінің телеарнадағы нұсқасынан кесіп тастағанына қапаланғанын жеткізген болатын. Әншінің бұл өкпесіне "Меломен" тобының солисі Ғабит Бибасыұлы “31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасында жауап берді.

Ауыпбаевтың әріптесі мұның қасақана істелмегенін, әннің дін тақырыбында болғаны үшін ұлттық арнадан кесілгенін ескертті.

Ол жерде бізде көптеген нұсқалар болды. Біріншіден ұлттық арна түсірмейтін деген себеп болды да, "31" немесе "КТК" арнасы немесе басқа арналар тәуелсіз. Оларға діни тақырыпты айтсаң да, бере береді. Ал Анна Данченко "Меломен" әншісінен: "Олай болса, неге Жігер Ауыпбаевқа ескертіп айтпадыңыздар? Ол кісі "Телеарнадан қарап отырған кезде, бір-ақ көрдім" дейді. Бір ауыз сөз неге айтпадыңыздар?", - деп сұрады.⠀

Жігермен ақылдасқанда, ол басқа әнді ұсынған. Бірақ "Жігер, біз осы әнмен шықтық қой. Осы ән арқылы көп адам сабақ алды. Дінге деген көзқарасының өзгергенін айтып жатты", - дедік.

Әйтпесе, Жігердің қанша жерден, қандай шеберлікпен орындайтынын, қандай диапазонмен орындайтыны кез-келген әншіге, адамға түсінікті. Ол мега талантты жігіт. Бізге ән мәселе болған жоқ. Біз осы әнді бірге айтайықшы дедік. Ал қалғанын білмеймін. Арналармен қатты байланысқа түскен жоқпыз.

Жігер енді айтты "Жігіттер, сендер ол әнді ұлттық арнаның көрсетпейтінін білдіңдер ғой" деп. Сосын мен тура осы әңгімені айттым.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Жігер Ауыпбаев концерттегі әнін кесіп тастаған "Меломенге" өкпесін айтқан болатын.

Дереккөз: juldyzdar_alemi парақшасы

Тегтер: ЖігерАуыпбаев, меломен, ән

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.