Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақыны көтеруге 3 трлн теңге бөлінетінін айтты
Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақыны көтеруге 3 трлн теңге бөлінетінін айтты

Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржы мен жәрдемақыны негізсіз оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет АӘК-ні шынымен мұқтаж жандарға беруі керек. Ең бастысы – әлеуметтік әділдік. Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға аса мән береміз. Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы 5 жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Бұл ретте оны инфляция деңгейінен 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз, - деді ол.Тоқаев мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлығына қосымша әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты. Осыған орай, берілетін арнайы жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің ¼ есе көбейтілген мөлшеріне тең болады. Алдағы 5 жыл ішінде біз ерекше күтімді қажет ететін адамдарды арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ оларға толықтай оңайту сауықтыру қызметі ұсынылады. Әр адамға табыс табу мүмкіндігін беру керек.
Нақты шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту көрсеткіші 30 пайызға жетеді. Осындай жандардың кәсіби қызметпен айналысуы мен білім алуына мүмкіндік жасау өте маңызды. 5 жылда колледж бен ЖОО инклюзивті білім берумен толық қамтылады, - деді Тоқаев.