Тәуекел Мүсілімнің қашан үйленетіні белгілі болды

30 Сәуір, 2019 734 0

NewsROOM+. Белгілі актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында қонақта болып, жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әсіресе, талай арудың жүрегін жаулаған сымбатты жігіт қашан отбасын құратынын да жасырмай айтты.

«Бір жағынан бұйырғаны болады деп айтамыз, екінші жағынан жеке өмірімде үзіліс жариялағым келеді. Бір-екі жыл шетелге барып оқымақпын. Үйдегі анама да, туған-туыстарыма да айттым»,-деген Тәуекел әзірге үйлену ойында жоқ екенін аңғартты.

Десе де, өнер иесі қазір Айтұрған есімді арумен кездесіп жүргенін жасырмай айтты.

«Өте жақсы қыз, өзімнің көңілімнен шығады. Үйленіп, үйленбейтінімізді бір Алла ғана біледі. Оқыған, тоқыған»,-деп Тәуекел болашақ жарының білімді болғанын қалайтынын жайып салды.

Дереккөз: sn.kz


Тегтер: ТәуекелМүсілім, той, үйлену

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.