Жаңалықтар

Шымкенттің медицина мекемелеріне жаңа көліктер берілді

Шымкенттің медицина мекемелеріне жаңа көліктер берілді

 width= Шымкент қаласындағы медицина мекемелеріне гуманитарлық көмек ретінде жаңа жедел жәрдем көліктері пайдалануға берілді. Бұған дейін қалаға жасанды тыныс алу аппараттары мен пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын. Атап айтқанда, қалаға 10 оттегі концентраторы мен 50 пульсоксиметр және бір өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) жеткізілген. Сондай-ақ, «Shevrolet Damas» маркалы 3 жедел жәрдем көлігі тапсырылды. Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында көрсетіліп отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді. «Пандемияға байланысты дәрігерлер халыққа медициналық көмек көрсету үшін күндіз-түні жұмыс істеуде. Кез келген көмек науқасты дер кезінде емдеуге үлкен әсерін тигізіп отыр. Осындай қиын-қыстау уақытта қол ұшын созып жатқан жандарға алғысымыз шексіз», - дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ережепов Бақтығали.