Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

13 жасар жеткіншек бетіне операция жасату үшін өзі салған суреттерді сатып жүр

13 жасар жеткіншек бетіне операция жасату үшін өзі салған суреттерді сатып жүр

13 жасар жеткіншек бетіне операция жасату үшін өзі салған суреттерді сатып жүр
ашық дереккөзі
 width= Шымкенттің 13 жасар тұрғыны Әбдірахман Темірбек қымбат операцияға ақша жинау үшін өзі салған картиналарды сатып жүр.  Берік Рахымов пен Айнұр Ысмағұлова Шымкент қаласында тұрады. Отбасында жеті бала бар. 13 жасар Әбдірахман Темірбек – үлкен үйелмендегі үшінші бала. 2,5 жасында жарылыстан денесінің біраз бөлігі күйіп қалған. Қайғылы оқиға 2009 жылдың қазан айында болған. Жас отбасы үйіне жаңадан газ кіргізген болатын. Газ дұрыс қосылмаған, сосын көгілдір отын сыртқа төгілген. «Ол кезде үйде мен, 2 жасар Әбдірахман мен 9 айлық төртінші балам бар еді. Жолдасым жұмыста болатын. Әбдірахманды ертіп, тамақ дайындау үшін асүйге кірдім. Кенже балам төсекте қалды. Сіріңкені жаққан кезде алапат жарылыс болды. Үйдің ішін қызыл жалын алып кетті. Далаға шығатын есікті де от шарпыған. Басқа амал қалмаған соң баламды көтеріп, терезеден сыртқа шықтым. Ал кенже ұлым үйде қалды. Бар даусыммен айғайлап, көмекке шақырдым. Көршілер жүгіріп келіп, есікті сындырып, іште қалған нәрестені алып шықты. Аллаға шүкір, оған ештеңе болмапты. Әбдірахман екеуміз де күйіп қалдық. Балам жарылыстың дәл ортасында болғандықтан менен қатты күйген. Оның аман қалғанына шүкіршілік етемін қазір», - дейді Айнұр Ысмағұлова. Анасының арқасы, беті-қолы күйсе, Әбдірахман әлдеқайда ауыр дәрежеде күйік алған. Басы, беті, білектері, басындағы шашына дейін жанып кеткен. Айнұр 1,5 ай ауруханада жатып, күйген жерлері біршама жазылып шықты. Ал Әбдірахман Орал қаласындағы балалар ауруханасында 2 ай ем алған. Оның 10 күні жансақтау бөлімінде өтті. Дәрігерлер оның өмірі үшін 10 тәулік бойы күресті. Бәрінен де Әбдірахманның жарақатының жазылуы қиын болды. Күйіктің орнында үрейіңді алатын терең тыртықтар қалып қойды. Осы тыртық әлі күнге дейін жеткіншектің қалыпты өмір сүруіне мүмкіндік бермей келеді.