Тамаша оңдық

30 Сәуір, 2019 1087 0

NewsROOM+. Қазақстанның ашық білім беру Ұлттық платформасының Open Master Class атты имидждік нтернет-жобасы өзінің «Мұратка жеткен Мұрат» атты оныншы шеберлік класын іске қосты. Жаңа нұсқаушы - дипломат, мәдениеттанушы және қоғам қайраткері Мұрат Әуез.Осы жобаның 2018 жылдың 10 желтоқсанынан іске қосылған сәттінен бері оныншы мерейтойлық шеберлік класы болып келеді.

Осы оқиғаға байланысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаңа білім беру технологиялар Институтының директоры Асель Мусинова жасалған жұмыс және онлайн білім беру саласындағы ілгерідегі жоспарлар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

- Асель Ахметовна, неге дәл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның ашық білім беру Ұлттық платформасына (ҚАББП) жетекшілік етеді?

ҚАББП-ның құрылтайшысы -Қазақстанның Жоғарғы мектебінің Ұлттық ғылым академиясы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,ҚАББП-сынұйымдастырған, Қазақстанның Жоғарғы мектебінің Ұлттық ғылым академиясының идеясын жүзеге асырған техникалық оператор болып табылады, бүгін техникалық және креативті жағынан жетекшілік етуді жалғастырады.

- Қазақстанның ашық білім беру Ұлттық платформасының мақсаты қандай?

Мақсатымыз игілікті және өзекті – «ашық» білім беруді бейресми білім берудің жаңа элементі ретінде жасау және оны алға бастыру. «Ашық» білім беру – ол академиялықталапсыз оқуға түсуді және оқудың онлайн өтетінің тұспалдайтын қазіргі заманғы тренді. «Ашық» білім беру мектептер мен университеттерде ұсынылатын оқудың қолжетімділігін кеңейтеді.  «Ашық» термині мүмкіндіктерге, оқуға негізделген оқу үдерісіне қатысуды мойындауына бөгет болатын тосқауылдарды жоюға қатысады. Білім берудің ашықтылығының аспектілерінің бірі ашық білім беру онлайн ресурстардың әзірлеуі және енгізілуі болып табылады. Бүкіл әлемде қабылданған осы  тұжырымдаманың негізінде 2016 жылдың қарашасында құрылған ҚАББП-ның қалыптасуы жүріп жатыр.

- Жаппай ашық онлайн курстар (ЖАОК) тәжірибесі тек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еңгізіледі ме?

Жоқ. Бүгін Қазақстанның жоғарғы оқу орындары ЖАОК-қозғалысына белсенді қосылып жатыр. Нақты ҚАББП-на келсек, 2016 жылдың 18 тамызында он екі ЖОО, соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Онлайн курстарды пайдалану арқылы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін желілік нысан бойынша Консорциум құру туралы келісімге» қол қойды.

Олардың ішінде: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қазақ ұлтық қыздар педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университеті, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Шарттық негізде ҚАББП-на қосылған әріптестер жоғарғы оқу орындары туралы айтсақ, бүгінгі күнге сондай он екі ЖОО бар.  

Олар: Алматы энергетика және байланыс университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, NARXOZ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Болашақ» академиясы, Қызылорда «Болашақ» университеті, «Дара» жеке қоры, Қазақстан-Американдық еркін университеті,

Қазіргі кезде платформаның дизайнымен жұмыс істелінуде. Аталған жоғарғы оқу орындарының әрқайсысында өзінің онлайн курстарын орналастыратын беті болады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің беті белсенді.Алматы технологиялық университетітікелей ҚАББП-ның интернет-мекенжайы moocs.kz сайтында бірнеше курстарын орналастырды.Қазіргі уақытта платформада 47 белсенді курстар бар, олар авторлармен келісілген уақыттақайта іске қосылып жатыр.Бұл сан кішкентай болып көрінуі мүмкін, бірақ мында бірнеше себептерді ескере отыру керек: бір курстың жасалуына жарты жылдан бір жарым жылға дейін кетуі мүмкін, көптеген жоғарғы оқу орындарының өздерінің студияларын, түсірілімін және курстардың монтажын жасайтын материалдық-техникалық базасы жоқ, оқытушылары ЖАОК-ды әзірлеу туралы оқуын тек бастап жатыр. Сол себептен бірінші үш жыл үшін бұл - жаман емес жетістік.Барлығымыз жолдың басындамыз. Ол – өте қызықты және болашағы зор жол. Бірақ қаржыландыруды, мамандарды және, әрине, уақытты талап етеді.

- Білім беру саласына қатысы жоқ ересек адамдар арасында ҚАББП-ның интернет-жобалары танымал ма?

Әрине. Олар, әдетте, жастары 24-тен жоғары адамдар. Олар жаңа мамандық алуға және өзініңбіліктілігін арттыруғақызығушылық танытады. Қазақстанның ашық білім беру Ұлттық платформасында оқудың артықшылықтары: сіз білімді әбден тегін аласыз, әр тыңдаушы өзінің қарқынында оқиды, ол тек тестілік тапсырмаларды уақытында орындап тұруы керек. Сізге жұмысыңызды қалдырып, университетке барудың қажеті жоқ - өндірістен қол үзбей білім аласыз.  Онлайн курстармансап баспалдағымен көтерілу мүмкіндіктерін арттырады.

Және сіз мамандығыңыздан, кәсібіңізден тәуелсіз кез келген сізге қызықты курстарды тыңдай аласыз, шектеулер жоқ!  Жалғыз қиыншылық - өзіндік тәртіп. Толық еркіндік белгілі бір кезеңде оқуды тастап кетуге итермелейді. Сондықтан әлемде курстарды бітірген адамдардың орташа көрсеткіші - шамамен 20%-дан 50%-ға дейін.

-Сіздің онлайн курстарыңызды өту туралы сертификаттарыңыздың қандай артықшылығы бар?

Қазіргі жұмыс беруші бірінші орынға білім туралы дипломды емес, жұмысшы үнемі жаңартатын дағдылар мен құзыреттерді қояды. Онлайн білім беру осыған жағдай жасайды, жұмысшы онлайн білім алады, жұмысты қалдармай, сертификатты алады, оны өз жұмыс берушісіне әкеліп, өзінің мамандығында  жетілуіне ықыласын көрсетеді.  Осы өлшемшарттар бүгін адамды жұмысқа алғанда да өзекті.

– ҚАББП-ның қандай даму келешегі бар?

Басты мақсатымыз – ҚАББП-ның негізінде «Ашық университет» құру. Ол білім берудің төрт сатысын: орта білімді, кәсіптік-техникалық, жоғарғы білімді және жұмыс істейтін адамдар үшін біліктілікті арттыру курстарын біріктіреді. Әрбір саты үшін сертификаттың, келешекте әртүрлі деңгейлердің дипломдардың берілуі қарастырылған.

- Open Master Class (OMC) жобасының мақсаты қандай? Онда тапсырмаларды орындау талапы және сертификат алуға мүмкіндік жоқ, тек ашық дәрістер орналасқан емес пе?

ОМС – ол Қазақстанның ашық білім беру Ұлттық платформасының имидждік жобасы. Оның мақсаты ағартушылық – білімге құштар адамдарға білімді ашық және аянбай беру. ОМС – бүл қызық және кез келген адамға қолжетімді онлайн курстар. Біздердің нұсқаушыларымыз – Қазақстанда танымал адамдар: мәдениет пен ғылымның, бизнес пен қаржы әлемінің, саясат пен жаңа ақпараттық технологиялар салаларының өкілдері.

Әрбір нұсқаушы – тамаша нәтижелерге қол жекізгенжарқын тұлға. Олардың әрқайсысы сүйікті ісіне өмірін арнап, өмір бойы оқуға, үйренуге,таңғалуға шаршамайды. Өзінің дәрістерінде олар білімімен, тәжірибелерімен, пікірлерімен ашық және адал бөліседі.  

Қазіргі кезде omc.moocs.kz-та он шеберлік кластар бар:

- Қазақ тағамтану академиясының президенті,медицина ғылымдарының докторыТөрегелді Шармановтың «Дұрыс тамақтану: құпия - үйлесімде».
- Бизнесмен, Astana Group қалаушысы Нұрлан Смағұловтың «Бизнесте идеялар маңызды».
- Киносыншы және философ Олег Борецкийдің «Кино философия ретінде».
- Математик және программист Тимур Рыспековтың «Робототехника: оңтайландырылған алгоритмдер»
- Тележүргізуші, жәрдемші Аружан Саиннің «Миссия - адамдарға көмек».
- Сәтті қаржыгер Қайрат Тұрмағамбетовтың «Инвестициялауды үйреніңіз».
- Экономикалық ғылымдарының докторы Магбат Спановтың «Қазақстан үкіметтерінің экономикалық саясаты».
- Инженер-дизайнер Алмас Тұяқбаевтың User Experience Design.

- Шахматтан әлем чемпионы Жансая Әбдімәліктің «Шахмат: ойлау және жеңіске жету»

- Дипломат, мәдениеттанушы және шығыстанушы Мұрат Әуездің «Мұратқа жеткен Мұрат» шеберлік класы.

– Open Master Class-тың бірегейлігі неде?

Басты айырмашылық – экслюзивтілік. Әрбір шеберлік клас – бұл біздің командамен түсірілген өзіндік өнім. Осындай пікірлер көшбасшыларының шоғырлануын сіз Қазақстанның ешбір білім беру сайтында көрмейсіз.

– Open Master Class үшін мамандарды қандай қағида бойынша таңдадыңыз?

Біріншіден, ол – нұсқаушының Қазақстанның жас жән орташа жастағы тыңдаушылар арасындағы беделі. Оның кәсіпқойлығы міндетті түрде жоғары деңгейде болуы керек. Өзінің көптеген тыңдаушыларымен практикалық дағдылармен мен мамандықтың сырларымен бөлісуге шын ықыласы және икемділігі болуы қажет.

– Нұсқаушылармен шеберлік класты өткізу туралы келісу қаншалықты қиын болды?

Ол әжептәуір қиын болды, өйткені әрбір кейіпкер – бірегей, танымал тұлға. Әрқайсысында жұмыстың кестесі тығыз. Оған «қысылып кіруге» кейде жеке байланыстар, кейде кейіпкерлердің біздің мақсаттарымызды шын қолдауы көмектесті. Олардың көбі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлектері, сондықтан келіссөз жүргізілгенде біз олардың альма-матерларына сүйіспеншілік пен отаншылдықтарына шақырдық.  

Біз әрбір кейіпкерге олардың түсірілімге уақыт тапқанына, бізге сценарийлардың жөндеуді,иллюстрациялықмәліметті таңдап алуды көмектескендеріне алғыс айтамыз. Автордың әрқайсысымен бейнематериалдардың қолданылуы туралы шарт жасалынды, ілгерідегі ынтымақтастық жоспарларымыз бар, сондықтан біз әрдайым байланыстамыз.

– Ынтымақтастықтан бас тартқан үміткерлер болды ма?

Иә, ондай адамдар болды. Оларға да біздің ұсынысымызға жауап бергеніне алғыс білдіреміз. Келісімге келмегеніміз өкінішті. Себептер әр түрлі болды: қолы бос болмаушылық, жобаның жұмысын төлеуге өтініш, кейде шеберлік кластың тақырыбы бойынша бір шешімге келе алмадық. Дегенмен, біз олармен келешекте ОМС жобасымен жұмыс істейтінімізге үмітімізді үзбейміз.

– Шеберлік кластың түсірілімі мен одан кейінгі жұмыс қанша уақыт алды?

Келіссөзден бастайық, олар бір аптадан бір айға дейін уақыт алды. Түсірілім, әдетте, 3-4 сағатты сұхбат болды. Ең қиын кезеңі монтаж болды. Біздің кейіпкерлерімізді де, тыңдармандарымызды да қанағаттандыратын сапалы контент жасау үшін біз әрбір дәрістің сценарийін шеберлік кластың авторына мақұлдау үшін жібердік. Тек осыдан кейін әрі қарай жылжыдық. Әрбір автормен жұмыс әрқалай қалыптасты. Әдетте, монтаж үш аптадай істелінді, бірақ түрлі себептермен үдеріс 2 айға созылған жағдайлар да болды.

Біздің сценарийларымызды өте мұқият оқып шығып, өздерінің түзетулерін енгізе отырып контентті жақсартқан нұсқаушыларға алғыс айтамыз.  Біз ұлкен тәжірибе алдық.

– Онлайн білім беру платформаларының мақсатты аудиториясы болып кім табылады?

Қазіргі кезде олар – Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарына түскілері келетін жоғары сынып оқушылары, студенттер және өзінің білімділік деңгейін жоғарлатқысы келетін тілеушілердің барлығы, жасқа байланысты шектеу жоқ.

Онлайн білім берудің көп артықшылығы бар:

- Ол тегін.

- Сіз уақыт пен орналасқан жеріңізге байланысты емессіз.

- Көптеген студенттер / тыңдаушылар қатыса алады.

- Үйден шықпай-ақ білім ала тұра, мұғаліммен кері байланыс орнатасыз.

- Резюмедегі жазбаңызға аяқтау туралы сертификатты қосымша ретінде аласыңыз.

- ҚАББП қандай жетістіктерімен мақтана алады?

2016-2019 жылдардың ішінде біздің платформада 47 курс іске қосылды. Орта есеппен алғанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЖАОК сайтында (open.kaznu.kz) курсты аяқтайтын тыңдаушылардың көрсеткіші - 50%-дан 80%-ға дейін. Бұл онлайн курстар мұғалімдердің білім беру үдерісіне енгізілуіне байланысты. Білім беру үдерісі аралас оқыту формасын қабылдап жатыр: аудиториядағы бетпе-бет оқыту және онлайн оқыту.

2018-2019 жылдары біз 24 курсты қайта іске қостық, «Математический анализ-1», «Математикалық талдау-1» және университеттегі ең қиын пәндерінің бірі «Information and Communication Technologies (ICT)» сияқты курстар пайда болды.

2019 жылдың қыркүйегіне дейін «Математический анализ-2», «Математикалық талдау-2», орыс және қазақ тіліндегі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» курстарының іске қосылуы жоспарланып жатыр. Қазақ тіліндегі міндетті пәндерінің циклі жоспарда бар. Олар - «Философия», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», қазақ тілді аудиторияға арналған «Ағылшын тілі»

- Басқа ұқсас платформалармен бірге қызмет істейсіз бе?

Қазіргі кезде Петр Великий атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетімен ынтымақтастық туралы келіссөз жүргізілуде. Келіссөздің басты мақсаты - Coursera платформасына арналған ортақ онлайн курсты жасау. Санкт-Петербургтағы әріптестерімізбен «Открытое образование» платформасында бірге жұмыс істеуді жоспарлаймыз. Политехникалық университет –онлайн білім беру саласындағы осы ресейлік жетекші платформасының құрылтайшыларының бірі. Болашақта Ислам Әріптестік Ұйымының елдерімен бірге жұмыс жасау жоспары бар

Автор: Шолпан Нұрғалиева


Тегтер: ұлттықплатформа, MasterClass, «МұраткажеткенМұрат»

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.