Атырауда 2 қыз терезеден құлап кетті: біреуі қайтыс болды, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр

30 Сәуір, 2019 603 0

NewsROOM+. Атырауда екі қыз терезеден құлап кетті. Өкінішке орай, қыздардың бірі қайтыс болды, ал екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Төтенше жағдай қала маңындағы«Лесхоз» шағын ауданда болды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне көптеген жарақаттармен 5 және 4 жастағы қыздар түсті. Үлкен баланың жарақаты қатты ауыр болып, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан бүлдіршін көз жұмды. Ал 2 жастағы қыздың жағдайы тұрақты және ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір дәрігерлер оған барлық қажетті көмекті көрсетуде», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 



Тегтер: атырау, оқиға, пәтер, қыз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.