Назарбаев «елде демократия жоқ» дейтіндерді сынап, Елбасы ретіндегі миссиясын атады

Назарбаев «елде демократия жоқ» дейтіндерді сынап, Елбасы ретіндегі миссиясын атады

ашық дереккөзі

 width= Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының XX съезінде «елде демократия жоқ» дейтіндерге жауап берді.

«Бізді кейде сынайды. Біздің демократиямыз Батыстағыдай, Америка, Германия, Франциядағыдай бола қалу керек екен. Біз соған қарай жүріп келеміз. Бірақ ол үшін экономиканың 60-70 проценті жеке меншікте болуы керек. Америка экономикасының 90%-і жеке меншіктің қолында, ол жерде мемлекет жоқ, Германияда 80%-і – шағын және орта бизнестің қолында. Ал бізде небәрі 25-30 процент. Экономиканың 60-70 проценті бизнестің қолында болса, ол адамдардың өз үйі, жұмысы, бизнесі, активі болса, ол соны қорғағысы келеді. Сол активті қорғайтын мемлекет болса екен дейді», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев осы съез барысында Елбасы ретіндегі миссиясын айтты.
«Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған, оны отыз жыл басқарған адам ретінде айтарым: мен үшін еліміздің еңселі ертеңінен артық арман да, құндылықта да жоқ. Осынау күрделі кезеңде еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау, барша халқымызды президенттің төңірегіне топтастыру – бәріміздің парызымыз, менің парызым. Менің Елбасы ретіндегі миссиям. Nur Otan партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының және де Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде мен осы жолда барымды саламын», - деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев қазір қандай қызметте?

1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызына дейін Қазақстанның президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кеткенімен, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және «Нұр Отан» жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретіндегі орнын сақтап қалды.

Жүктелуде...