«Оқулық» орталығы және «BAQ KASIPODAQ» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Оқулық» орталығы және «BAQ KASIPODAQ» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


«Біз өзімізді ашықтық аясында жұмыс жасайтын қоғамдық ортаның ажырамас бөлігі ретінде айқындадық. Сондай құндылықтарды басшылыққа ала отырып, құрмет, сенім, адалдық және әділдік принцптеріне негізделген қарым-қатынас құрамыз. Аталмыш концепцияны іске асыра отырып, біз оңтайлы тоқтамға келу үшін оқулықтардың мазмұн-сапасын арттырудағы бірқатар маңызды мәселе бойынша сарапшы ортаны жұмылдыруға мүдделіміз», – деп атап өтті Орталық директоры Ғ.Бейсембаев.Тараптар бірлескен бағдарламалар мен жобалар әзірлеп, сонымен қатар қоғамды сарапшылық жұмыстың жай-күйі мен барысы туралы хабардар етуге бағытталған іс-шаралар өткізуге ниетті. Естеріңізге сала кетейік, «Оқулық» РҒПО білімнің мазмұнын бағалау, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау арқылы білімнің сапасын қамтамасыз етуге атсалысады. Орталық өзінің құзіреті шегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің міндеттемелерін орындап, оқулықтардың сапасын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істейді.