Түркі академиясы «Түркі әлемі және Елбасы феномені» атты халықаралық жиын өткізді

Түркі академиясы «Түркі әлемі және Елбасы феномені» атты халықаралық жиын өткізді

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Түркі әлемі және Елбасы феномені» атты халықаралық жиын өткізді. Алқалы басқосуға Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, түрколог, академик Мырзатай Жолдасбек,  Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы жаңа тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Михай Матяш Галошфай, Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн Баттулга, Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы  уақытша сенімді өкілі Нурмурат Таганов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов,  ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Қырғыз Республикасы ұлттық ғылым академиясының президенті Мурат Джуматаев, Әзербайжан Ғылым академиясының вице-президенті Иса Габиббейли, Өзбекстан ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Бахром Абдухалимов, Татарстан Республикасының Ғылым академиясының Татар энциклопедиясы және аймақтану институтының директоры Искандер Гилязов,  сонымен қатар белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, танымал түркітанушы ғалымдар қатысты.  width= Аталған шара түбі бір бауырлас елдер Түркі интеграциясының архитекторы деп айрықша бағалайтын Елбасының халықаралық саясаттағы беделін көрсетіп, түркі әлеміне сіңірген еңбегі мен үлесін насихаттауға арналды. Қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі ынтымақтастығындағы ерекше қызметтері мен жетістіктері туралы баяндады.  width= Айта кету керек, алқалы жиын 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында өтіп отыр. Бұл мерекеде Елбасы Н.Назарбаевтың жетістіктерін тану мақсатында жыл сайын ауқымды іс-шаралар өткізіледі.  width=

Жүктелуде...