Қазақ тілін атышулы ТикТок әлеуметтік желісінде келеке қылды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. АҚШ-тық Дикуна Бабухадиа өзінің парақшасында қазақ тілін оталмай қалған көлікке теңеп, жалпыұлттық резонанс тудырды.
Шетелдік блогер 31-арнаның ақпараттық бағдарламасы «Информбюродан» үзінді келтіріп, өзінің реакциясын білдірген. Оның пайымдауынша, қазақ тілі құлаққа түрпідей тиетін түсініксіз тілдердің қатарына жатады.
https://www.youtube.com/watch?v=Z0UsVVWaQNY
Бүгінде атышулы ролик ТикТок желісінде 6,4 миллионнан астам қаралым жинап отыр. Қазақстандықтар видеоға жаппай комментарий жазып, наразылықтарын ашық білдірді.