Шымкентке 6,2 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар жеткізілді

Шымкентке 6,2 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар жеткізілді

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен Үкімет отырысында дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Бүгінде жалпы сомасы 7,21 млрд. теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісімшарттар жасалған. Бірыңғай дистрибьютормен 6,2 млрд. теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптасты. Атап айтқанда, 2,1 млрд. теңгеге дәрілік заттар; 90 645 жеке қорғану құралдары жиынтығы; 3 219 121 дана медициналық бетперде және 864 499 дана медициналық қолғап алынды. Қаладағы дәріханалар, дәрі-дәрмектер қоры мен бөлшек сауда бағаларына сәйкестігіне қарай мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қала дәріханаларында 1,7 млрд.теңге көлемінде COVID-19 індетін емдеуге арналған дәрі-дәрмек қоры бар. Одан бөлек, 6,3 млн. медициналық бетперде қоры құрылған. Қалада орналасқан 2 өндірушінің өндірістік қуаты тәулігіне – 200 000 бетперде.

Жүктелуде...