Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша, Шымкентте 976 гектар жасыл алқапты орман өртінен қорғау мақсатында 300 шақырымдық минералды жолақ жүргізілген. Сондай»-ақ, 250 гектар жерге орман-патологиялық тексеру жүргізілді. Мұнан бөлек 60 гектар жасыл алқапта ағаштар бұралып, кесілген шырпылар қала сыртына шығарылған. Тағы 20 гектар жасыл алқапты суару үшін арық-атыздар тартылып, 25 гектар жерде көшеттердің арасы қопсытылып, арам шөптен тазартылған. Оған қоса 396 гектар жер учаскесі жыртылып, ағаш егуге жер дайындалды. Сонымен қатар «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мекемесіне қарасты орман тұқымбағында егілген ағаш-көшеттеріне күтіп бапталуда. Тұқымбақта бүгінгі күнге дейін 0,3 гектар жерге – 500 келі емен тұқымы, 0,5 га жерге – 80 келі қарағаш тұқымы себілген. Мұнан бөлек өрік, шабдалы, шие, алма және алмұрт, қара өрік, бадам, тау пістесі, сумах, катальпа, гледичия және боз арша тұқымдары жиналған.
Жүктелуде...