"Вирус біз ойлағаннан да қатыгез" COVID-19 жұқтырған Надыров үндеу жасады
"Вирус біз ойлағаннан да қатыгез" COVID-19 жұқтырған Надыров үндеу жасады
Коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілетме жасап.
"Өздеріңіз білетіндей, мен қазір елордадағы стационарлардың бірінде ем алып жатырмын. Бұл жаңалық осындай шу туғызады еп ойламаппын да. Қолдау көрсетіп, көп хабарлама жазғандарыңызды көрдім. Бұл, әрине, маған күш береді, сіздерге рақмет!
Қуанышқа орай, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Дәрігерлерімз бар күшін салып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеп жатыр. Оларға рақмет, бас иемін, олар нағыз батырлар!", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Қазақстандықтарға тағы да айтқым келеді! Вирус біз ойлағаннан да қатыгез. Ол ағзада білінбей жататындықтан, диагностиканы қиындатады. Сондықтан сақтық шараларын сақтап, толықтай оқшауланыңыз. Өзіңізді күтіңіз!", - деп жазды Надыров.
Еске салайық, бүгін вице-министр қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталғаны белгілі болған еді.