Жеңіс күніне орай елордалық соғыс ардагерлері 519 мың теңгеден алады

29 Сәуір, 2019 580 0

NewsROOM+. Жеңіс күніне орай елордалық соғыс ардагерлері 519 мың теңгеден алады. Бұл туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ардагерлермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Гүлзада Джекебаева мәлімдеді. Бұл туралы hola news сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

«Нұр-Сұлтанда жеңістің 74 жылдығын тойлауға арналған дайындықтар басталып кетті. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне биыл әлеуметтік көмек ретінде 402 миллион 888 мың теңге бөлінді. Бұл 9 мамыр күні берілетін бір реттік әлеуметтік көмек. 71 ардагер 519 мың теңгеден алады, тағы 332 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға 22 725 теңгеден беріледі. Сондай-ақ, адам соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілген 3519 адам 11 363 теңгеден алады», - деді Жекебаева.

Сонымен қатар «Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және оларға теңестірілген адамдарды дәрімен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Бұл көмек 2 700 адамды қамтыды. Сондай-ақ мерзімді басылымдарға жазылу, ванна, шаштаразға бару үшін әлеуметтік көмек бар. 395 ардагерлер санаторлық-курорттық емделуге жіберілген.

Тегтер: жеңіскүні, 9мамыр, нұр-сұлтан, концерт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.