Шымкентте 4 мектептің құрылысы аяқталды

Шымкентте 4 мектептің құрылысы аяқталды

ашық дереккөзі

 width= Осы жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес 3900 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Самал-3 шағын ауданындағы 1200 орындық екі мектеп, Асар-2 шағын ауданындағы 1200 орындық 1 мектеп және Әбділабад тұрғын алабында орналасқан 300 орындық 1 білім ошағының құрылысы аяқталды. Одан бөлек, №23 мектептің 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы қазан айының соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр. Ал, жыл соңына дейін әрқайсысы 300 орындық болатын №17, №62, №84 мектеп және 1 өнер мектебінің құрылысы бітеді. Қалған 1920 орындық 4 мектептің құрылысы келер жылы аяқталады деп күтілуде. Жыл соңында апатты мектеп саны 1-ге азайса, үш ауысымды мектептердің саны екіге қысқаратын болады.

Жүктелуде...