"Еркек деп еркелетеді": Ақбота Керімбекова ер азаматтарсыз-ақ күн көре алатынын айтты

29 Сәуір, 2019 640 0

NewsROOM+.Танымал әнші Ақбота Керімбекова өзін жігіт қауымы қалай еркелетінін айтып берді. Сондай-ақ, әнші ер-азаматтардың көмегіне көп жүгіне бермейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz, Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Мен үйде жылап-сықтап отыра алмаймын. Алла маған аяқ-қолым мен денімді сау қылып бергендіктен, мен әрі қарай өмір сүруім керек. Алланың берген әр күніне шүкір-тәубе етіп, әке-шешем, бала-шағам, бауыр, туған-туыс, мені қолпаштап, әнімді жақсы көретін елім үшін әрі қарай өмір сүруге тиіспін. Мен «батырмын, еркекпін» деп емес, біреуге телміріп қарап отыра алмайтындықтан, осылай жасаймын. Не нәрсе болса да, өзім істеп, өзім жеткенді жақсы көремін. Тәуелсіз болғанды жақсы көремін», - дейді әнші. 

Десе де жұлдыз ер азаматсыз қиын екенін де жасырмады. Сондай-ақ жалған позитивке берілудің де кері әсері болатынын атап өтті. 

«Біреуге телміріп қарап отыратын әйелдер қатарынан емеспін. Дегенмен оңай емес. Күнде өзімді жігерлендіріп, «мен мықтымын» деп күнделікті айта беру де қате. Кейде жылайтын тұстарымыз да болады. Не нәрсе болса да, өз күшіммен, өз дегеніммен жасағанды жақсы көремін», - деді Ақбота Керімбекова. 


Тегтер: АқботаКерімбекова, әнші, отбасы, өмірбаян

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.