«Цеснабанк» енді «Jýsan Bank» деп аталады

29 Сәуір, 2019 1042 0

NewsROOM+. Бүгін «Цеснабанк» АҚ атауы «First Heartland Jýsan Bank» АҚ болып өзгерді.

«Ұлы даланың оянуы мен жаңаруынан белгі беретін жусанның хош исін бәріміз білеміз. Шындығында, ол біздің Отанымыздың исі. Біздің банктің қазақ латын әліпбиіндегі аты құндылықтарымызды өрнектейді», - дейді банктің басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.

Ребрендинг туралы шешім банктің жаңа бизнес стратегиясы аясында қабылданған. Осы жылы сыртқы жарнама элементтері алмастырылып, Jýsan Bank логотипі мен банктің жаңа өнімдері ұсынылады.

«Біз транзиттік кезеңнен сәтті өттік. Банкті толық сауықтырып, бәсекеге төзімді жаңа несие өнімдерін шығардық. 1 сәуір күнгі дерек бойынша, банк ликвидтігі жоғары активтердің үлесі бойынша нарық көшбасшыларының үштігіне кіреді», - деді Б. Пірматов. 

Тегтер: JýsanBank, цеснабанк, ребрендинг

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.