Шымкент балалар ауруханасына өкпені желдету аппараты жеткізілді
Шымкент балалар ауруханасына өкпені желдету аппараты жеткізілді

Қазіргі талаптарға сай заманауи аппарат ауыр респираторлық ауытқуы бар науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал-жабдық болып есептеледі дейді мамандар.
Айта кетейік, қаладағы медициналық ұйымдарда материалдық-техникалық базаны толық қамтамасыз ету үшін 88 ИВЛ аппараты сатып алынады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан 156 ИВЛ аппараты жеткізілді, қазіргі уақытта инсталляция жасалып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі