Шымкентте алғаш рет жүрегінде ақауы бар науқасқа стент-графт орнату отасы жасалды
Шымкентте алғаш рет жүрегінде ақауы бар науқасқа стент-графт орнату отасы жасалды

Мұндай ауру жүрек қан тамырларының асқынуынан пайда болады. Жүрек тұсындағы тамырларда пайда болған ахауды емдеу үшін дәрігерлер науқастарды Нұр-Сұлтан қаласына арнайы жолдамамен жіберетін. Енді бүгінгі тәжірибе алмасу отасы нәтижесінде олар білікті мамандардан стенд-графт орнату операциясын меңгерді. Жергілікті мамандар мұндай отаны енді өз бетінше атқара алатынын айтады.
Дәрігерлердің айтуынша, стент-графт орнату - орта аневризмасымен ауыратын науқасты емдеудің ең жұмсақ әдісі. Науқас алдын алу үшін ұзақ уақыт бойы дәрігердің көмегіне жүгінбейді.
Айта кетейік, мұндай операцияның түрі медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде елдің әрбір азаматы үшін ақысыз. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі