Шымкент: "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы арқылы 4 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылды

Шымкент: "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы арқылы 4 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылды

ашық дереккөзі

 width= Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланған. Аталған жобаларға 8 682 адамды жұмылдыру көзделген болатын.  Қазірде 8 236 азамат жұмысқа орналысты.  Оның ішінде қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 341 адамды жұмысқа тарту жоспарланған еді. Бүгінгі таңда қалада жоспарға сәйкес «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 122 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы бағдарламаның мақсаты - тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...