Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте кәсіпкерлерді мектептен тәрбиелеуде

Шымкентте кәсіпкерлерді мектептен тәрбиелеуде

Шымкентте кәсіпкерлерді мектептен тәрбиелеуде
ашық дереккөзі
 width= Шымкент қаласының 9 колледжімен 52 мектебінде "кәсіпкерлік негіздері" пәні оқытылуда. Пәнді бизнес өкілдерінің қатысуымен жүргізеді және бұл пән Қазақстанның мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналды.   Аталмыш пән мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасына алғаш рет ол өткен жылы "Атамекен" ҚР ҰКП, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп енгізілді. Биыл карантинге байланысты сабақтар онлайн режимінде өткізіледі. - Жаңа пәннің ерекшелігі - ол ойын түрінде оқытылады, ал сабақтар үшін негіз қазақстандық компаниялардың нақты бизнес-кейстері болып табылады. Жаңа элективті пән 36 факультативтік сағатқа бөлінген. Бағдарлама теориялық сабақтардан, практикалық тапсырмалардан, бизнес-кейстерді талдаудан, бизнес-ойындардан тұрады. Пән аясында оқушылар мен студенттер заманауи стартап-мәдениетін, компанияның ұйымдастырушылық құрылымын, қаржылық есеп, баға белгілеу, бәсекелестік түрлерін, SWOT-талдауды, маркетингтік коммуникацияларды және т.б. зерттейді, - дейді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ақниет Әбдіқадырова. Әлемдік пандемияның кеңінен таралуына байланысты биыл бұл сабақты оқыту онлайн режимде жүргізіледі. Жалпы алғанда, біліктілікті арттыру курстарынан мектеп пен колледждің 88 оқытушысы өткен екен. Олар бүгінде 7 мыңнан астам оқушы мен студенттерге жаңа пәнді оқытуда. Соңында тыңдаушылар сертификаттарға ие болады. Айта кету керек, дәл осындай сертификаттарды жаңа пәнді меңгерген колледж студенттері де алады. Өткен жылдың тәжірибесі бойынша бұл пән сұранысқа ие. Мектеп оқушыларына сабақ кәсіпкердің мәнін түсінуге және одан әрі мамандық таңдауға көмектеседі. - Пәннің негізгі мақсаты мектеп оқушылары мен студенттерге экономикалық ойлау мен кәсіпкерлік қызмет дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Ол үшін табысты және жұмыс істеп тұрған ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, тәжірибелі бизнес тренерлер өткізетін қонақ дәрістері ұйымдастырылады. Бірақ биыл олар онлайн режимінде өткізіледі. Бұл студенттер үшін алғашқы білім мен кеңестер алу мүмкіндігі  береді, - деп атап өтті Ақниет Әбдіқадырова. Аталған жобаларды іске асыру үшін "Атамекен" ҚР ҰКП Atameken Academy платформасы арқылы онлайн оқыту мүмкіндігімен оқу-әдістемелік кешен, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы мен бейнесабақтар әзірледі. Ағымдағы жылдың соңына дейін "Атамекен" ҚР ҰКП жобалық тобы педагогтарды ақпараттық-әдіснамалық сүйемелдеуді жүргізетін болады.