Жаңалықтар

Шымкентте екі жылда жаңа жылыжай кешені салынбақ

Шымкентте екі жылда жаңа жылыжай кешені салынбақ

 width= Ауыл шаруашылығы бағытындағы аталған аймақтағы жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында екі кезеңді қамтитын жол картасы дайындалған. - Жол картаға сәйкес бірінші кезеңде агроиндустриалдық аймақта 30 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін салушы инвесторларға жер үйлестіруге қажетті құжаттары жинақталды. Өз кезегінде, жеке инвесторлар жылыжай кешенін салу жобаларын 2020-2022 жылдар аралығында жүзеге асыру көзделуде. Ал, екінші кезеңнің жобалары 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын болады, - дейді Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков. Агро-индустриалды аймақт дамыту арқылы қала тұрғындарының азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандырып, ауыл шаруашылық өнімдерінің импортына шектеу қоюға болады. Айта кеткен жөн, Шымкент қаласы әкімі М.Әйтенов алдағы бұл шаһардың жылыжай мекеніне айналатынын айтқан болатын. Қала басшысының айтуынша, «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағын дамыту арқылы азық-түлік өнімін көбейтіп, Қазақстан аймақтарын отандық өніммен қамтуға болады. Қазіргі уақытта Шымкентте жылыжай көлемі 183 гектарды құрайды.  Оның 53 гектары өнеркәсіптік. Қалада бұдан бөлек тағы 25 гектар өндірістік жылыжай құрылысы  жыл соңына дейін іске қосылмақ. Былтыр Шымкенттегі жылыжайлардан 7200 тонна өнім жиналып, одан түскен қаржы көлемі 2,4 млрд. теңгені құраса, биылғы жылы өнім көлемін 10 мыңнан тоннадан асыру көзделіп отыр.