Шекара қызметі академиясының коронавирус жұқтырған курсанттарының саны 67-ге жетті
Шекара қызметі академиясының коронавирус жұқтырған курсанттарының саны 67-ге жетті
Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада жастардың басым бөлігі коронавирус жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәрігердің хабарлауынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 693-ке жеткен. 5 адам вирустан көз жұмған.
"Ауру ересектердің арасында басым. Оның ішінде 15-19 жас - 43 жағдай (6,3 пайыз), 20-29 жас - 212 жағдай (31,3 пайыз), 30-39 жас - 129 жағдай (19 пайыз), 40-49 жас - 116 жағдай (17 пайыз), 50-59 жас - 115 жағдай, 60 жас және одан жоғары - 42 жағдай (6,1 пайыз)", - деді ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар індетті студенттер мен оқушылар да жұқтырғанын басып айтты.
"Студенттер бойынша 40 жағдай, мектеп оқушылары - 15 жағдай, басқа елдерден келгендер - 38 жағдай және шекара қызметі академиясының курсанттары - 67 жағдай, авиация қызметкерлері - 2 жағдай, зейнеткерлер - 40 жағдай, жұмыс істемейтіндер 55 жағдай тіркелді", - деді Жандарбек Бекшин.
Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері 383 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын айтып кетті.