Қуат Хамитов (Найман) жеңіліп қалды

27 Сәуір, 2019 659 0

NewsROOM+. Аралас жекпе-жектен қазақстандық палуан Қуат "Найман" Хамитов ресейлік Fight Nights Global промоушны жариялаған белбеу үшін әзірбайжандық Нариман Аббасовпен төбелесіп, жеңіліп қалды.

Кездесу Мәскеу түбіндегі Мытищи елді мекенінде FNG 93 турнирі аясында өтіп, 5 раундқа жалғасты. Төрешілер 48-47, 47-47 және 48-47 есебімен жеңісті әзірбайжан палуанына берді. Айта кету керек, жекпе-жек алдында Хамитовтың салмағы асып кеткендіктен, төрешілер оның ұпайын кеміткен болатын.

Кездесу аяқталған соң қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен келіспейтінін айтып, нәтижені қайта қарау үшін апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

"Мен ұпай бойынша жеңіске жеткеніме сенімді едім. Бірақ, төрешілер әдеттегідей басқаша есептейді. Мен екі раундты айқын жеңдім. Қалған үш раундта тең ойнадық. Төрешілер қайта қарауы керек, біз шағым түсіреміз", - деді Қуат "Найман" Хамитов.

Дереккөз: sn.kz


Тегтер: қуатхамитов, FightNightsGlobal

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.