4 мыңға жуық адам коронавирус жұқтыруы мүмкін - Бас санитар
4 мыңға жуық адам коронавирус жұқтыруы мүмкін - Бас санитар
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда вирусты жұқтыру қарқыны 8%-ды құрады. Болжам бойынша сәуір айының соңына дейін вирус жұқтырғандар саны 2700, ал мамыр айында бұл сан төрт мыңға жетеді», - деді ол брифинг барысында.
Сондай-ақ, бас санитар елімізде эпидемиолог мамандардың жетіспейтінін жасырмады.
«Ел бойынша 8755 эпидемиолог бар. Соған қарамастан, әлі де 800 эпимедиолог дәрігер жетіспейді. Жалпы айтатын болсам, денсаулық сақтау саласында 4 мыңға жуық медицина қызметкері жетіспейді. Бүгінде осы салада 250 мыңға жуық маман бар. Олардың 72 мыңы дәрігер болса, 177 орташа медициналық қызметкер», - деді ол.
Бүгінде Қазақстанда қауіпті әндетпен күресуге 16 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылған. Соңғы мәлімет бойынша, республикада КВИ жұқтырғандардың саны 2047-ге жетті.