Нұрлан Қоянбаев әйгілі корей актрисаларын өз киносына түсірмек

26 Сәуір, 2019 584 0

NewsROOM+. Нұрлан Қоянбаев кезекті кино туындысын халықаралық деңгейге шығармақ. Танымал әзілкеш өз фильміне енді әйгілі кореялық актрисаларды түсіруге ниетті, деп kzshow_life инстаграм парақшасына сілтеме жасап,newsroom.kz жазады.

Бұл туралы отандық продюсердің өзі Instagram парақшасында хабарлаған.

Ол алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісті. Қоянбаев келесі кино картинасында өзге елдің хас сұлу актрисалары бой көрсеткенін қалап отыр.

Шет елдерде кино түсірудің қиыншылықтары жетерлік, дегенмен біздің компанияның шетелде кино түсіруі бір жағынан танымдық, екінші жағынан көрерменге ерекше әсер сыйлау мақсатында.

Сіздердің қолдауларыңыз осыған дәлел әрі болашақта Қазақстанмен қатар өзге елдерде де кино түсіруімізді жалғастырамыз.

Осыған орай, KOLON group вице-президенті Сан Хо Шин мырзамен Кореяда кино түсіру мәселесін талқыладық. "Әр елдің заңы басқа.." демекші, осы жоспарды айқындау мақсатында келіссөздер өткізу үстіндеміз.

Сіз фильмде қай корей актрисасын көргіңіз келеді? Сон Хе Ге немесе Пак Шин Хе?", - деп оқырмандарының пікірін сұрады Қоянбаев.

Желі қолданушылар қай актрисаның анағұрлым лайықты екенін талқылау барысында екіге бөлінді.
Бірі Сон Хе Геге дауыс берсе, енді бірі Пак Шин Хені қолдап шықты. Тағы кейбір оқырмандар қазақ актрисалары әлдеқайда сұлу әрі шебер екенін жеткізді

Тегтер: НұрланҚоянбаев, кино, корея, комедия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.