Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте білім беру мекемелері толық интернет желісіне қосылған

Шымкентте білім беру мекемелері толық интернет желісіне қосылған

Шымкентте білім беру мекемелері толық интернет желісіне қосылған
ашық дереккөзі
 width= Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тəжиева мəлімдеді. – Қалада білім мекемелері толықтай интернет желісіне қосылған. Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ-ы арқылы білім беру ұйымдарының интернет желісінің жылдамдығын 8 Мб/с - 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту мақсатында қосымша келісімшарттар түзілуде. Ал қала шетіндегі интернет жылдамдығы төмен елдімекендер бойынша Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы  «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе отырып, 8 орынға байланыс станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде, – деді Ж.Тәжиева. Спикердің сөзіне сүйенсек, қалада 17 701 отбасыға «Bilim al» интернет-тарифіне қосылған SIM карталар беріліп, 760 отбасыға кабельді интернет желісі тартылған. Брифинг барысында Жанат Арысбекқызы биыл білім алу онлайн форматта жүргізілуіне байланысты ата-аналар тарапынан компьютерлік техника және интернетпен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде бірқатар арыз-шағым түскенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұл өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, қаладағы білім беру ұйымдары толық санитарлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату