Түркістанда құрылыс жүріп жатқан жерден адам сүйектері шықты

26 Сәуір, 2019 657 0

NewsROOM+. Қорқынышты көріністің куәгерлері — құрылысшылар. Адам қалдықтары Қызылорда облысының Түркістан қаласына тартуы ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңынан салынып жатқан моншаның орнынан, қазу жұмыстары кезінде шыққан.

Суннатулла Халықбердиев, Түркістан қаласының тұрғыны: «Әсілі, бұл жердің барлығы да мола болған. Әзірет Сұлтан бабаның қасына әкеліп жерлей берген ғой. Сонымен мола жайылып кеткен».

Ал, «Әзірет Сұлтан» музейі директорының орынбасары Бақытжан Нұрхановтың айтуынша, кесене айналасында құрылыс және қазу жұмыстарына археолог мамандарды қатыстыру міндетті екені ескертілген. Өйткені бұл көне шаҺардың тарихи бөлігі. Алайда құрылысшылар бұл ескертуге пысқырып та қарамапты.

Сүйектер табылған жер заң талаптары бойынша зерттеліп, тарихи бағасы берілуі тиіс еді. Бірақ құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Археологтарды тіпті маңына да жолатар емес. Ең сорақысы, табылған сүйектердің қазір қайда екені белгісіз. Айта кетейік, монша құрылысы биыл ақпан айында басталған.

Дереккөз: otyrar.kz

Меруерт Ахан


Тегтер: адамсүйектері, мәйіт, құрылыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.