Шымкентте қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қалалық Жастар ресурстық орталықта арнайы 11 үйірме мен 4 диалогтық алаңшалар ұйымдастырылған. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан жастарды қоғамға бейімдеуге «Жаңа өмір» жобасы ұйымдастырылады. Жоба аясында бас бостандығынан айыру орындарындағы және жазасын өтеп шыққан жасқа құқықтық, психологиялық кеңес беру, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру, жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастырылады.
Жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру бойынша «Аяла» жобасы ұйымдастырылды.
Жастар арасында патриоттық тәрбие беру мақсатында әскери-патриоттық клубтар құрылып, арнайы лагерь өткізу, білім беру саласына деген қызығушылығын арттыру үшін «Shymkent Innovation», «IT CAMP» инновациялық жобалары қолға алынған. Футбол, баскетболдан түрлі жарыстар өткізіледі.
Көңілді тапқырлар клубы, жас ақындар айтысы, отбасылық мерекелер мен байқаулар ұйымдастыру жолға қойылған.