Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі Азамат Қонысбай пандемия кезінде жаңа технология ойлап тапты. Ол суды, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларды залалсыздандыруға арналған азон генераторын жасап шығарған екен. Жас технолог өз жұмысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстырды.
- Озон генераторының құны 150 000 теңгені құрайды. Бұл санитарлық дезинфекция қызметін пайдаланудан шамамен 1 жылға есептегенде 25 есе арзан. Яғни технологияны пайдаланудың құны төмен және дезинфекциялық жабдықты бірнеше рет пайдалана беруге болады. Оңай жөнделеді, қол жетімді, әрі тиімді, - дейді Азамат Қонысбай.